Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

жол жөндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 17:57 Сурет: Zakon.kz
Алматы Қалалық мобилділік басқармасы жол жөндеуге байланысты кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада мына көшелер ішінара жабылады:

  • Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті мен айналма жол 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан 06:00 аралығында;

  • Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік беті мен солтүстік-шығыс жол 9 қазан сағ. 22:00 мен 10 қазан 06:00 аралығында;

  • Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан сағ.06:00 және 9 қазан сағ.22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында;

  • Рысқұлов даңғ. Жангелдин көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі 9 қазан сағ.22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында.

Ал мына көшелер толық жабылады:

  • Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беті 7 қазан сағ. 22:00 мен 8 қазан 06:00 аралығында;

Шектеулер орташа жол жөндеу аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - делінген Алматы Қалалық мобилділік басқармасы хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: