Алматыдағы Черепанов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Сурет: Zakon.kz
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматыдағы Черепанов көшесінде қозғалыс уақытша шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады. Аталған көшедегі қозғалыс екі жаққа да жабылады. Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырға жоспарлы қауіпсіздік жұмысын қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.
Компания мәжбүрлі қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript