Алматыда көшелердің бірінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік – батыс бөлігінде және оңтүстік – шығыс бөлігінде 4, 5 қазан күндері көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың Оңтүстік-Батыс бөлігінде 3 қазан сағат 21:00 мен 4 қазан сағат 06:00 аралығында, ал аталған жолайрықтың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде 4 қазан сағат 21:00 мен 5 қазан сағат 06:00 аралығында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.Алматы қалалық мобилділік басқармасы
Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.
Басқарма өкілдері қала тұрғындарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript