"Коронавирус емес". Алматыда көшеде құлап жатқан әйелге қатысты дәрігерлер түсінік берді
видеодан алынды
Оны ми жарақатымен ауруханаға жеткізді.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы Алматыдағы оқыс оқиғаның себебін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Желіде троллейбус алдында жолда ес-түссіз құлап жатқан әйелдің видеосы жаппай тарауда. Оны жедел жәрдем көлігіне салып әкетеді. Әлеуметтік желіні қолданушылар бірден оны коронавирустан құлады деп топшылап, дүрлікті. Оқыс оқиға Гоголь мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында болған.
Кісіні қағып кеткен, ол Орталық мемлекеттік клиникалық ауруханаға бас жарақатымен жеткізілді. Диагноз: Мидың ашық жарақаты. Мидың орташа контузиясы. Оң жақ желке тұсында қан ұю. Пневмоцефалия. Оң жақ құлағына қан кету, желке тұсынан жарақат, омыртқа сүйегі мен кеудесінің сол жағы тіндерінің көгеруі, - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript