Жаңалықтар тізбегі
0

Жараланған қорықшының жағдайына қатысты дәрігерлер түсінік берді

kp.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2019 21:53 kp.kz
Зардап шегуші арнайы күзеті бар травматология бөліміндегі палатаға жатқызылады - дәрігер.

Браконьерлер қолынан жарақаттанып, ауруханаға түскен қорықшының хал-күйі қандай жағдайда екенін дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

- Науқас әлі қосымша тексерулерден өтеді, кеудесі мен жауырын мен қабырға сүйектері компьютерлік томографияға түсіріледі. Науқас арнайы күзеті бар травматология бөліміндегі палатаға жатқызылады, - деді көп салалы аурухананың хирургия бөлімі директорының орынбасары Дмитрий Чайков.

23 шілдеде екі инспектор киік атып жүрген браконьерлердің ізіне түсіп, оққа ұшқан. Кеудесіне оқ тиген қорықшының бірі дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмған. Екінші инспектордың да кеудесіне оқ тиген, бірақ ол денесін тесіп өтпеген. Зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейіннен оның облыстық ауруханаға ауыстырылғаны хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: