Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда оқ жарақатымен бірнеше адам ауруханаға түсті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 18:58 ҚазАқпарат
Екі зардап шегуші нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде орташа ауыр жағдайда жатыр.

Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ тиіп жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар Құрық ауылынан 6 қыркүйек күні сағат 02:00-де түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі зардап шегуші нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде орташа ауыр жағдайда жатыр.

«1990 жылғы науқастың төменгі жағы мен самайына оқ тиіп жарақаттанған. Қазір нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр жағдайда жатыр. 1994 жылғы екінші зардап шегушінің екі қолы мен көкірек қуысына оқ тиген. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деңгейде. 1994 жылы туған үшінші зардап шегуші құрсақ қуысы, көкірек қуысы, аяғы, асқазаны, аш ішегі мен тоқ ішегіне быдыралы жарақат алған. Ота жасалып, көкбауырын алып тастадық. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, өкпесі жасанды аппаратқа қосылған», - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаев.

Дәрігердің айтуынша, олардың үшеуі де - Құрық ауылының тұрғындары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: