Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Олар коронавирус". Түркістанда бір отбасына жаман жала жабылды

Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері бақылаудан алынды.

Сурет : polisia.kz20 Наурыз 2020, 10:58

Түркістан қаласының Полиция департаментіне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз тұлғалар "Ватцап" мессенджері арқылы оның отбасымен коронавирусты жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратып жібергенін көрсетті.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тексеру кезінде жәбірленуші отбасымен бірге Еуропада саяхат жасағанын хабарлады. Алматы қаласына келген соң, әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіп қарап шығып, карантинге жатқызуға еш негіз болмаған.

Үйіне келгеннен кейін, Түркістан қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері бұл отбасымен байланыс орнатып тексереді, бірақ күні бүгінге дейін аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмаған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері бақылаудан алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы Түркістан қаласының тұрғындары яғни үш күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауды бастады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер