БАӘ мен Бахрейнге кәмелетке толмағандарды сексуалды мақсатта сатқан қазақстандық елге жеткізілді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2017 23:23 Zakon.kz
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.
Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейнге кәмелетке толмағандарды сексуальды мақсатта пайдалану үшін сатқан еліміздің азаматы Дубайдан Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 13 қарашасында ҚР Қылмыстық кодексінің 128 бабы 3 тармағы (Адамдарды сату) және 135 бабы 3 тармағында (кәмелеттік жасқа толмағандарды сату) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін Интерпол арналары арқылы іздеуде болған қазақстандықты ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы мен Бас прокуратурасы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады. Ол сексуалды мақсатта пайдалану үшін БАӘ мен Бахрейнге еліміздің кәмелеттік жасқа толмағандарды заңсыз сатуды ұйымдастырған», - деді ол.

Алмас Садубаевтың айтуынша, өткен жылдың 21 қыркүйегінде қазақстандық Интерполдың сұрауы бойынша Дубай қаласында ұсталған.

«Қазіргі уақытта ол қамауға алынды», - деді департамент басшысы.

Фото: alashinform.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: