Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев: Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болып шықты

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 15:35 Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады - қала әкімі.

Әкім Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімнің коронавирусқа байланысты алаңдаушылық танытып, халыққа тастаған үндеуі оның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Құрметті алматылықтар! Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу — жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

25.03.2020 Құрметті алматылықтар! Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу — жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады. Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда. Ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесін сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды. —— Уважаемые алматинцы! Ситуация с распространением коронавируса гораздо серьезнее, чем многие себе представляют. Недооценивать опасность — безответственно и преступно. К сожалению, несмотря на карантин, не все соблюдают ограничительные меры, подвергая риску горожан. Выявлены факты продолжения работы спортзалов и ресторанов, нарушения санитарных норм в продуктовых магазинах. Рядовые горожане тоже проявляют беспечность, гуляют как ни в чем не бывало по улицам и не прислушиваются к рекомендациям специалистов. К нарушителям принимаются жесткие меры. В этой связи городским оперативным штабом по обеспечению режима чрезвычайного положения рассматриваются дополнительные ограничения. С завтрашнего дня сокращаем график движения общественного транспорта с 6:00 до 19:00. Также приостановлена деятельность всех основных объектов торговли и сферы услуг, кроме продовольственных и медицинских объектов, аптек, АЗС и других предприятий, на которые решением штаба не распространяется ограничение.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда. Ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесін сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды", делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: