Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Коронавирусқа байланысты 65 жастан асқан депутаттар үйінде отыр - Нығматулин

Олар заң жобасы талқысына қатыспайды.

Сурет : inbusiness.kz26 Наурыз 2020, 10:33

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин отырыстың күн тәртібін талқыламастан бұрын, 65 жастан асқан депутаттардың бүгін жұмыста жоқ екенін хабарлады. Осы жас шамасындағылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша коронавирус індеті өршіп тұрғанда үйде болуы тиіс екен. Сондықтан Мәжіліс төрағасы қарт депутаттарды заң жобалары талқысына қатыстырмай, жұмысқа келмей-ақ қоюларына рұқсат берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі пленарлық отырыс сәл өзгертілген форматта өтеді. Кейбір әріптестеріміз бүгінгі талқыға қатыспайды. Бірақ алаңдамаңыздар, бәрі - аман-сау. 65 жастан асқан біздің кейбір әріптестерімізге ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес пленарлық отырыстарға қатыспауға және үйде болуға кеңес берілді, - деді Нығматулин.

Оның айтуынша, кворум пленарлық отырыстарды осы форматта өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, пленарлық отырыстарға басқа мүдделі органдардың, қоғамдық ұйымдардың және үкіметтік емес ұйымдардың дәстүрлі шақыруынсыз әр заң жобасы бойынша депутаттар мен баяндама жасайтын өкілдер ғана қатысатынын білесіздер. Бұл залдағы орынды ДДСҰ-ның санитарлық стандарттарына сәйкес өзгертуге мүмкіндік берді - бизнес кластағы сияқты, - деген ол қазір депутаттар отырған орындар арасындағы қашықтық ұлғайғанын меңзеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер