Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Төтенше жағдай кезінде 1,5 миллион қазақстандық МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алады

Төлемдер азаматтардың екі санаты үшін қарастырылған.

Сурет : Хабар 2426 Наурыз 2020, 17:30

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған 1,5 миллион қазақстандық төтенше жағдай кезінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік көмек ақша ала алады. Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы 26 наурызда жарияланады.

Төлемдер азаматтардың екі санаты үшін қарастырылған. Біріншісі - төтенше жағдайға байланысты ақысы төленбейтін демалыс алғандар.

Бұл - айына шамамен 42 мың теңге. Бұл ұсақ, шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы керек, олар өткен жылы мемлекеттік қорға үш рет төлем аударуы тиіс болған. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабына өтініштерді қызметкердің өзі емес, жұмыс берушісі беруі тиіс. Төлемдер төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін берілетін болады, - деді министр.

Төлемнің екінші түрі төтенше жағдай кезінде жұмыстан босап қалған жұмысшыларға беріледі. Олар жұмысынан айырылғаны үшін 1 айдан 6 айға дейін өтемақы алатын болады. Төлем көлемі айырылған жұмысы айлығының 40% құрайды.

Ол үшін жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, онлайн режимде өтініш жолдау керек. Біз 1,5 миллион адамды осындай төлемдермен қамтамасыз етеміз, - деді Абаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер