Қазақстандықтарға МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жаңа жолмен тағайындалатын болады

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2025 13:40 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі МӘСҚ-дан кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату жөніндегі процестерді автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуға бастамашылық жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік түсіндіргендей, жобада мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында МӘСҚ филиалдарының қызметкерлерін шешім қабылдаудан шеттету көзделген, бұл алушылардың шотына ақшалай қаражатты аударуды жеделдетуге мүмкіндік береді, әлеуметтік төлемдерді уақтылы тоқтата тұруды және тоқтатуды қамтамасыз етеді.

"Айта кетерлігі, пилоттық режимде тек "Электрондық үкімет" және "Электрондық еңбек биржасы" порталдары арқылы келіп түскен электронды өтініштер, екінші деңгейдегі банктердің өтініштері және проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметтері келісілген өтініштер қаралатын болады",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте өтініш берушілер белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

  • тек бір төлеушіден (ЖК, шаруа қожалығының басшысын, жеке практикамен айналысатын адамды қоспағанда) әлеуметтік аударымдардың түсуі,
  • оларды уақтылы төлеу (есеп берілетін айдан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмей),
  • әлеуметтік аударымдар бойынша қызметкердің ай сайынғы табысының міндетті төлемдер бойынша ай сайынғы табысқа сәйкес келуі,
  • қажетті мәліметтерді алу үшін цифрландырылған құжаттардың толық пакетінің болуы және басқалар.
"Жоғарыда аталған критерийлер бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімділігін анықтауға көмектеседі. Пилоттық жобаның басталуы туралы қосымша хабарланатын болады",- деп мәлімдеді ведомство.

Құжат 2025 жылғы 27 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: