Тоқаев елімізде коронавирус бойынша алғаш тіркелген өлім фактісіне қатысты пікір білдірді

26 Наурыз 2020, 22:38
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустан науқастың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

64 жастағы әйелдің өлімі коронавирустың қауіптілігін және карантинді сақтаудың маңыздылығын аңғарта алады. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантиндік шараларды күшейту, сонымен қатар Шымкентте шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазды Президент Twitter-де.

26 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан алғашқы көз жұму фактісі тіркелгенін хабарлады.

Осы күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?