Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Оларға да жұқты ғой...". Коронавируспен ауырған алматылық қыз сұқбат берді

Алина Жанұзақова – Алматыда коронавирус инфекциясы анықталған 40 адамның бірі.

Сурет : видеодан алынды27 Наурыз 2020, 10:04

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам алғаш рет сұқбат берді. Эксклюзивті бұл сұқбатты КТК телеарна тілшілері алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алина Жанұзақова – Алматыда коронавирус инфекциясы анықталған 40 адамның бірі. Қыз COVID-19-ды ұшақта жұқтырып алуы мүмкін екенін айтады. Ол көп елдің әуе қатынасын шектеуге байланысты Грузиядан Беларусь елі арқылы қайтуға мәжбүр болыпты.

Біз ұшақта жөтеліп, ауырып отырған бір әйелді көрдік. Оның диагнозы расталды ма, жоқ па, білмеймін. Бірақ біздің Минск - Алматы ұшағынан екі ауру жұқтырған адам табылды. Біз құрбым екеуміз бірге қайтқанбыз, егер ауру жұқтырған болсақ қайтеміз деген күдік-күмән болды, сондықтан көп адаммен байланыста болмай бірден үйге таксимен оралдық. Мен өз-өзімді үйде оқшауладым, - деді ол.

Алинаның айтуынша, үйге келгеннен кейін дәрігерлер онымен байланысып, ұшақта коронавируспен ауырған адам бар-жоғын айтады деп күткен. Алайда оған ешкім хабарласпаған, ауру белгілері де пайда бола бастапты.

Алғашқы белгілері: тамағым кеуіп, қышып, құрғақ жөтел болды, содан соң кеудем аздап қысты, өкпе тұсым. Менің ыстығым көтерілмеді, әлі де солай. Температура бір дәреже тұр: 35,8, және одан мүлдем өзгермейді. Кеше таңертеңгі сағат екіде маған коронавирус расталғанын айтты, - деп еске алады Алина.

Екі күннен кейін жөтел мен тамақтың ауруы басылды, - дейді Алина. Қазір оның жағдайы жақсы. Қызды вирусқа қарсы препаратпен емдеген, оны ВИЧ жұқтырған адамдар, яғни иммунитетінде проблемалары бар адамдар қабылдайтың дәрі-дәрмекпен.

Алматылық бойжеткенді алаңдататын нәрсе - ол біреулерге ауру жұқтыруы мүмкін.

Осыны ойласам, қатты кейимін өз-өзіме. Әрине, мұны қалаған жоқпын. Мен бір бөлмеде екі адаммен жаттым. Олар 100% жұқтыруы мүмкін, өйткені біз 5 күн бірге болдық. Бұл қыздар қазірдің өзінде үйіне жіберілген, оларды қайта ауруханаға орналастыратын шығар. Содан кейін мені басқа бөлімге ауыстырды. Онда 3-4 адам болған, - дейді телеарнаның сұхбатшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер