Алматы облысының полициясы: Алматы сыртынан 17 блок-бекет қойылды
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының бас полицейі Серік Кудебаев полиция талаптарын орындауға шақырамын
Қойылған блок-бекеттерде бір уақытта шамамен 100 тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Ең көп блок-бекет Қарасай ауданында, нақты айтқанда 8 орынға қойылды. Іле ауданында 6, Талғар ауданында 3 орында бекет орнатылған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің аумағында төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полицияның жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне көшірілді. Полицияның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта Департамент тарапынан коронавирустық індеттің алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Өткен тәулік ішінде блок-бекет жұмысына жұмылдырылған қызметкерлер 3 266 көлікті тексерген. 19 наурыздан, яғни карантин енгізілгелі бері 23 000 көлік тексеруден өткен",- деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.
Сонымен қатар, облыс орталығы Талдықорған қаласы маңына да 4 санитарлық бекет қойылды. Жақын күндері қалаға 8 064 көлікке мінген 20000 астам жолаушы кірген. 21 наурыздан бері бекеттерден 21 371 көліктің өткені анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабының талаптарын бұзған 26 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Құрметті, жерлестер, ең алдымен Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бағытталған ішкі істер органдарының әрекеттері мен шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сонымен қатар, төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтауға, әлемдік деңгейдегі індетпен күресте және оның алдын алуда полицияның және өзге де қызметтің талаптарын орындауға шақырамын. Ең бастысы – Сіздің денсаулығыңыздың кепілі болатын – санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігін ескертемін",- деп атап өтті облыстың бас полицейі Серік Кудебаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript