Алматы маңына қосымша 82 блок-бекет қойылды

Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 18:18 Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндік жағдай бақылауда.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге мегаполистің шыға берісіндегі бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдайға байланысты селекторлық жиын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндік жағдай бақылауда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 18:18

Кеше кешкісін ондағы жағдайды өз көзімізбен көріп, жағдаймен жіті таныстық. Тосқауыл бекеттері орнатылған, барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өз кезегімізде, қаладан бес шақырым радиуста облыс аумағындағы республикалық маңызы бар барлық жолдар мен елді мекендердің шыға берісіне қосымша 82 тосқауыл-бекетін орнаттық. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметкерлері кезекшілікке қойылып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, - деп атап өтті Амандық Баталов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 18:18

Тұрғындар бұл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шара екенін түсінеді. Карантин вирустың таралу тізбегін жоюға және алдын ала шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: