Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2020 21:00 zakon.kz
Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгінгі күні Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Әуезов ауданында — 2 жұқтыру ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы — Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5-де.

Жетісу ауданында — 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.

Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген. Алтай-1 ықшамауданы, 8; Жас қанат ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63; Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де орналасқан.

Бостандық ауданында — 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында.

Нарызбай ауданында — 1 ошақ Ақжар поселкесі, Береке көшесі, 1/97 мекен-жайында.

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: