Елордалықтарға қатаң карантин режимінің оралуы мүмкін екені ескертілді
Pixabay
Егер елордалықтар белгіленген шектеу талаптарын сақтамаса, онда қала қатаң карантин режиміне оралуы мүмкін.
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева елорда тұрғындарына шектеу талаптарын орындамаған жағдайда қатаң карантин енгізуге мәжбүр болатынын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.
- Біз қала тұрғындардын маска киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және адамдар көп жиналуы ықтимал орындарға баруды шектеуге байланысты қарапайым талаптарды орындауға үнемі шақырамыз, бірақ бұл талаптар көп жағдайда еленбейді де, сақталмайды да. Егер елордалықтар белгіленген талаптар мен ұсыныстарға осылай үстірт қарауды жалғастыра беретін болса, сондай-ақ науқас адаммен жақын байланыста болғандығы туралы ақпаратты жасырса, бұл байланыстағы адамдар арасында ауру жұқтыру дерегінің қайта көбеюіне және жалпы қала бойынша КВИ-мен ауратындардың артуына әкеліп соғуы мүмкін. Ондайда біз белгілі бір қызмет түрлерін тоқтата отырып, қатаң карантиндік шараларды қайта енгізуге мәжбүр боламыз, - деді Жанна Пірәлиева әкімдікте өткен брифингте.
Пандемия басталғаннан бері елордада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 14 084 жағдайы тіркелген. Ал әр тәулік сайын симптомы бар коронавирусты жұқтырудың үштен 20-ға дейінгі дерегі тіркелуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript