Димаш пен Тасмағамбетов COVID-19 жұқтырған Лещенкомен бірге болған

YouTube YouTube
Лещенкоңыз әлі Путинді де сұлатып түсірмесін.

Ресей баспасөзінде кезіндегі танымал әнші Лев Лещенконың коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауруханаға түсіп қаларының алдында екі күн бұрын Лещенко Мәскеуде шығармашылық және саясат әлемінің игі-жақсыларымен әбден шүйіркелескен.

Алдымен атышулы Малаховтың шоуында болып, одан кейін Игорь Крутойдың қарындасының туған күнінде думандатқан.

Ол кешке шақырылғандардың арасында ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын айтпағанда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, Иманғали Тасмағамбетов, тіпті РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа дейін болған.

Бүгін РФ президентінің баспасөз қызметі "Путин әкімшілігінде коронавирус жұқтырды деген күдікті шенеунік табылғанын" растады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз