Қазақстанда жүріп COVID-19 вирусын тек 13 адам жұқтырған
Сурет: zakon.kz
Қазақстанда COVID-19 вирусын тек 13 адам жұқтырған, ал 29 адам коронавирусты шетелде жұқтырған, тағы 26 адам сол науқастармен бір ұшақта жақын байланыста болғанда дертті жұқтырған - Дәурен Абаев.
Қазақстанда жүріп COVID-19 вирусын тек 13 адам жұқтырған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанда COVID-19 вирусын тек 13 адам жұқтырған, ал 29 адам коронавирусты шетелде жұқтырған, тағы 26 адам сол науқастармен бір ұшақта жақын байланыста болғанда дертті жұқтырған.
Қазіргі уақытта республикамызда жалпы коронавирус инфекциясының 69 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 35, Алматы қаласында - 29, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Шымкент қаласында бір жағдай.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript