Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Коронавирус жұқтырып, Қаскелеңдегі ауруханада жатқан екіқабат келіншек сұқбат берді

Оғаш хабарды естігенде әуелде қатты абыржыған Тоғжан қазір өзін қалыпты сезінеді.

Сурет : kabar.kg31 Наурыз 2020, 10:34

Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейді. Оның ішінде аяғы ауыр келіншек те бар, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

КТК телеарнасына сұхбат берген Алматы облысының тұрғыны Тоғжан Айтбай қазір жағдайының жақсы екенін жеткізді. Шамамен бір апта бұрын АҚШ-тан ұшып келген жерлесімізде қауіпті індет екінші қайтара тексергенде ғана анықталған.

Тоғжан Айтбай:

- Біз 25-і күні Мәскеудн ұшып келдік. Негізі, біз АҚШ-тан шықтық. Алматыға ұшып келдік. Сол кезде бізден бірінші тест алды. Ұшып келген бойда барлық жолаушылардың бәрінен алды. Сол ауруханаға барып тест алды, 24 сағат жаттық. Біздің тестіміз теріс болып шықты. Нәтижесін білетін күні ешқандай жөтел де, тамағым ауырғаны да болған жоқ. Оның бәрі қайтып кетті.

Оғаш хабарды естігенде әуелде қатты абыржыған Тоғжан қазір өзін қалыпты сезінеді. Ол Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала көтергеніне төрт ай болған. Дәрігерлердің бақылауында жатқан ол тек ағзасының иммунитетін көтеретін дәрі қабылдап жатыр екен. Айтуынша, өзінің де, іштегі баласының да денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тек карантинде жатқандықтан, оның жағдайын бақылап тұруға гинеколог-маман кіре алмайды. Осы арасы науқасты алаңдатады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер