Тараз қаласы да карантинге жабылады

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қала аумағына барлық көлік құралдарының кіріп-шығуына тыйым салынады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, Тараз қаласында 2020 жылғы 7 сәуірде сағат 00: 00-ден бастап карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала аумағынан барлық көлік құралдары мен азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады, тек мынандай жағдайларды қоспағанда:

- медициналық қызметкерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, апатты-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдарының мамандары;

- тамақ өнімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен препараттарды, қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөліктер;

- Тараз қаласының жедел штабының рұқсат қағазы бар адамдар мен көлік құралдары (тел: 43-15-16, 45-59-85);

- тұрғылықты жеріне қайту үшін келген/кеткен адамдар және медициналық себептермен кететін және келетін адамдар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз