Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін түнде Тараз қаласы карантинге жабылады

ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2020 19:31 ҚР ҚМ
Тараз қаласында 7 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ел және өңір азаматтарының коронавирус инфекциясының таралуынан қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2020 жылғы 07 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап, Тараз қаласының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтің және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайлары бар карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл дегеніміз, төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады:

• медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;

• азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары;

• Шұғыл штаб рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары;

Жолаушыларды тасымалдау үшін қоғамдық көлік жұмысы сағат 20:00-ден 7:00-ге дейін шектеледі.

Төмендегі жағдайларды қоспағанда, адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады:

• Шұғыл штабта бекітілген салалар тізіміне енгізілген жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру;

• азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу; медициналық көмекке жүгіну;

• мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік мекемелерге бару;

Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.

65 жастан асқан тұрғындарға үйлер мен пәтерлерден аса қажеттілік туындамаған жағдайда шығуға болмайды.

Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, ветеринариялық дәріханаларды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сату пункттерін, ауыл шаруашылығы техникасына арналған автобөлшектерді, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөптерді өткізулерді қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылады.

Тамақтану нысандарына "тұтынушыларға жеткізіп беру" қағидаты бойынша сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: