Жаркент қаласы ертеңнен бастап карантинге жабылады
24.kz
Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады.
Кеше Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың бір жағдайы тіркелді. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Науқас Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады", делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript