Жамбыл облысында қашықтықтан оқыту сәтті өтуде

УВП Жамбылской области УВП Жамбылской области
Бүгінгі күні 878 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер, планшеттер) сатып алынды (Байзақ – 300, Жамбыл – 143, Мойынқұм – 235, Сарысу – 200).

6 сәуірден бастап Жамбыл облысындағы барлық мектептер қашықтықтан оқыту режиміне ауысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысында 442 мектепте қашықтықтан оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізілуде: Бірінші, облыстағы 235 мектептің 193200 оқушысы (85,7%) сабақтарды қолжетімді платформалар арқылы (kundelik, bilimland, daryn.online т.б.) қашықтықтан оқуда. Кері байланыс Күнделік электрондық журналы және WhatsApp, Телеграмм мессенджерлері арқылы жүргізілуде.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1586169350_img-20200406-wa0097.jpg

Екінші, интернетке қолжетімсіз 173 ауылдық елді мекенде оқыту "Балапан" және "Еларна" телеарналарындағы бейнесабақтар арқылы жүргізілуде. Телеарналардағы сабақтарға 35065 оқушы қамтылды (13,5%). Барлық елді мекендерде аталған телеарналар 100% қосылған. Кері байланыс мессенджерлер (WhatsApp, Телеграмм) мүмкіндіктері бойынша, ұялы байланыс арқылы жүргізілуде.

Үшінші, шалғай елді-мекендердегі 34 мектепте сабақтар дәстүрлі түрде өткізілуде. 1683 оқушы қамтылуда (І ауысымда - 965, ІІ ауысымда - 721), онда 473 педагог жұмыс істейді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1586169314_img-20200406-wa0102.jpg

Оқудың алғашқы күнінде-ақ, ауылдардағы ата-аналар алғыстарын білдіріп, оқушылар телеарна арқылы сабақ оқудың қызықты екенін жеткізуде.

Ал, мұғалімдер коронавирус пандемиясына қарсы елдегі жарияланған төтенше жағдайда сабақ жүргізу үлкен жауапкершілік екенін айтуда.

Аудан әкімдері, білім бөлімдері оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, мұғалімдердің температурасын күнделікті өлшеп отырады. Мектептерде дизенфекциялау жұмыстары жүргізіп, санитарлық талаптар қатаң сақталуда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1586169294_img-20200406-wa0110.jpg

Оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету мәселесі мектеп балансындағы 28 мың компьютер уақытша пайдалануға беру жолымен шешілуде (Байзақ – 2379, Жамбыл – 2669, Жуалы – 1773, Қордай – 3391, Меркі – 1857, Мойынқұм – 1392, Рысқұлов – 2609, Сарысу – 1378, Талас – 1650, Шу – 2740, Тараз-5379, ББ -767).
Бүгінгі күні 11 712 балаға компьютерлер таратылды.

Бүгінгі күні 878 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер, планшеттер) сатып алынды (Байзақ – 300, Жамбыл – 143, Мойынқұм – 235, Сарысу – 200).

Қашықтықтан оқыту және білім саласындағы басқа да мәселелерге қатысты жедел жауап беру мақсатында 12 САLL-орталықтары құрылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз