ШҚО-да коронавирустан көз жұмған әйелдің екі рет жүрегі тоқтаған
Pixabay
Екі жақты пневмония, сол жақ плевриті, жедел респираторлық дисперсальды синдром, жедел миокардит, алкогольдік масаң күй болды онда.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас жайлы дерекпен бөлісті. Қайтыс болған - Өскемен қаласының тұрғыны, деп хабарлайды zakon.kz.
Өкінішке орай, Өскеменде қайғылы оқиға тіркелді. Бұл - 1979 жылғы Өскемен қаласының тұрғыны, әйел адам. 12 сәуірде оны жедел медициналық көмек тобы ауыр халде ауруханаға жеткізді. Алгоритмге сәйкес, одан коронавирус инфекциясына сынама алынды, ол оң нәтиже көрсетті. Осыдан кейін науқас қарқынды терапия бөлімінің жеке боксына орналастырылды. Барлық қажетті шаралар қабылданды. Ауруханаға келіп түскенде науқастың жағдайы өте ауыр болды. Екі жақты пневмония, сол жақ плевриті, жедел респираторлық дисперсальды синдром, жедел миокардит, алкогольдік масаң күй болды онда", - деді Мұхамеджан.
Оның айтуынша, науқаспен бірге реаниматологтар тобы жұмыс істеді, сонымен қатар науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, реанимациялық шаралар жүргізілді.
Түнде екі рет жүрегі тоқтады, екі ретінде де реанимациялық шаралар жасалып, сәтті болды. Бірақ тағы жүрегі кезекті рет тоқтағанда реанимациялық шаралар көмектесе алмады, биологиялық өлім тіркелді, - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript