Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағашта жұмыс істеп тұрған саунадан жезөкшелер табылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2020 17:28 zakon.kz
Өзбекстан Республикасының азаматшалары Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды.

Түркістан облысы полицейлері Сарыағаш ауданында жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД КПБ-на Сарыағаштық тұрғын арызданған. Ол өзінің арызында Сарыағаш қаласында жеңіл жүрісті қызмет көрсететінін саунаның барын айтып, онда жеңгетайлық орын алып жатқаны туралы хабарлаған.

Аталған жайт Түркістан ПД КПБ-мен ҚР ҚК-нің 309-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне енгізілді.

Тұрғынның хабарламасын ала салысымен заңсыздыққа жол бермеу, істің толық мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД КПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде шынында Сарыағаш қаласындағы аталған саунаның жұмыс істеп тұрғаны анықталып, жеңгетайлық жасаған жас қыз ұсталды. Оған қоса, саунада Өзбекстан Республикасының 2 азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталып, қызмет көрсететіні айқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіленіп алынды

Осы жоғарыда көрсетілген Өзбекстан Республикасының азаматшалары Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды. Сондай-ақ сауна әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-"Төтенше жағдай режимін бұзу" бабымен хаттама толтырылды.

Қазіргі уақытта аталған жайт "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: