Алматыда қалтасында грантасы бар ер адам ұсталды

inform.kz inform.kz
Әскерилер ол адамдармен сөйлеспек болғанда, олар тұра қашқан.

Алматыда кезекшілікке тұрып жүрген курсанттар қолында гранатасы бар ер адамды ұстап, оны залалсыздандырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Курсанттардың айтуынша, оларға бір жігіт келіп, қолында гранатасы бар деп екі белгісіз адамды нұсқаған. Әскерилер ол адамдармен сөйлеспек болғанда, олар тұра қашқан. Ізіне түсе қуған курсанттар белгісіз адамдарды ұстады.

Олардың біреуінің қалтасы томпайып тұрды. Кенет ол қалтасындағысын шығарып, жерге лақтырып жіберді. Мен гранатаның корпусын байқадым, - деді курсанттардың бірі Ерсұлтан Болат.

Ұсталғандар полицияға тапсырылды, граната тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Кейін белгілі болғандай, олардың біреуі ұрлық және тонау үшін сотталған азамат болып шықты. Граната қайдан алынды, оны қайда пайдалану жоспарланғанын қазір құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз