Шаруаларға бақылау бекеттерінен өту тәртібі жеңілдетіледі

Хабар 24 Хабар 24
Карантинге байланысты шаруалардың ауданаралық және облысаралық жолдардағы бекеттерден өтуі қиындаған.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында шаруаларға жеке төлқұжатымен жүріп-тұруға рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды "Хабар-24".

Карантинге байланысты шаруалардың ауданаралық және облысаралық жолдардағы бекеттерден өтуі қиындаған. Алайда қазір әр облыстағы жедел штабтарда оларға электронды және қағаз түрінде анықтама беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

– Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Сол отырыста біз шаруаларға жасыл дәліз бойынша жүру және өзінің жеке құжатымен өте беруге рұқсат беру туралы өтінішпен шықтық. Бірақ бұл жерде әр кәсіпорын басшысы өз жұмысшыларының санитарлық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету керек деген шартпен жасап жатырмыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз