Алматыдан облыстарға заңсыз адам тасымалдаған 10 такси жүргізушісі ұсталды

polisia.kz polisia.kz
Қызметтері үшін олар жолаушылардан әрқайсысынан 10-нан 20 мыңға дейін ақша алған.

Алматыда жолаушыларды басқа аймақтарға заңсыз тасымалдаудың тағы бір жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматылықтарды оңтүстік облыстарға заңсыз әкетуді жүзеге асырған такси жүргізушілерін ұстау жөніндегі Полиция Департаментінің Жедел тобымен жүргізілген арнайы операцияны сәтті аяқтады.

Енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан, жолаушыларды қаладан Алматы және Жамбыл облыстарына заңсыз тасымалдау фактілері әлі де анықталып жатыр. Жақында полицияның жедел-іздестіру шаралары кезінде 10-нан астам такси жүргізушісі ұсталды. Қызметтері үшін олар жолаушылардан әрқайсысынан 10-нан 20 мыңға дейін ақша алған. Бұл адамдардың барлығы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларды сот кінәлі деп тапты.

Дәл осындай құқық бұзушылық белгіленген шектеулерге қарамастан, карантин аймағынан шыққысы келген жолаушыларға да қатысты. Олардың іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 476-бабына сәйкес қарастырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз