Қытаймен шекарада оқ-дәрі тасымалдаған әйел адам ұсталды

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 16:07 ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Қауіпті жүкті қызметтік ит тауып алған.

Шекарашылар Қорғаста әйел адамның автокөлігінен оқ-дәрі тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғастық шекарашылар кеше, күндізгі сағат 10:30-дар шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік Toyota Prado автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел адамды ұстады. Қызметтік иттің көмегіне сүйене отырып әлгі әйелдің автокөлігін тексерген шекара наряды көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлы 13 дана оқ тауып алды. Оқтардың шығарылған уақыты көрсетілмеген", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, автокөлік мөрленіп, кеден қызметінің тұрағына, күзетке қойылды. Істің жай-жапсарын Алматы облысының Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: