Егіз сәбиге жүкті болып қалған 67 жастағы әйел түсік жасатудан бас тартты
Қытайдық әйелдің бұған дейін бір ұлы болған. Өзі 35 жаста болғанда ұлы жол апатынан көз жұмған. Ол кезде «бір отбасында – бір бала» саясаты болды. Сондықтан отбасында басқа бала болмаған, деп жазады Stan.kz.
Баласының қазасынан соң асырап алмақ болғанда, жасы кедергі болады. Сондықтан әйел Тайваньға барып, экстракорпоральді жолмен құрсақ көтерді.
Пекинге келісімен әйелдің егіз балаға жүкті екені анықталды. Дәрігерлер оның босануы қауіпті екенін айтып, түсік жасатуға кеңес берген. Оған жоғары қан қысымы себеп. Алайда әйел егіздерді өмірге әкелем деген ниетте.
Ол балаларым 18-ге толғанда өзім 85 жасқа толам деп отыр. Егер өзі өмірден ерте озса, балаларына 40 жастағы інісі қарайтынын айтады.