Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда кәмелет жасқа толмаған 4 оқушы қыз жүкті болып қалған

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 17:32 Stan.kz
Жүкті болып қалған 4 қыз қазіргі уақытта отбасылы.

Атырауда кәмелет жасқа толмаған 4 оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңес отырысының барысында Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Серік Шәпкеновтің сөзінше, соңғы 2 жыл ішінде 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүкті болу фактісі төмендей бастаған.

«2016 жылы қалада кәмелет жасқа толмаған 23 қыз жүкті ретінде тіркелсе, 2017 жылы мұндай 8 жағдай анықталды. Жыл басынан бері қалалық білім бөлімінің мамандары 4 қызды тіркеуге қойған», – дейді Серік Шәпкенов.

Қала басшысының сөзінше, жүкті болып қалған 4 қыз қазіргі уақытта отбасылы. Олар кешкі мектепте білім алады екен.

Анықталғандай, қазіргі уақытта жастар арасында мұсылманша неке қию сәнге айналған.

Сонымен қатар өткен жылы 1 қыркүйекте Атырауда орамал тағып келген 200-ден аса оқушы оқу жылы аяқталғанша сабаққа қатыспағаны анықталды. Олар мектеп формасын киюге қарсылық танытқан.

«Олармен және олардың ата-анасымен қалалық білім бөлімінің мамандары мен дін мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Көптеген жағдайда ата-аналар мен оқушыларды райынан қайтаруға болады», – дейді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар Атырау облысында сәлафизмді ұстанатын 2 мың тұрғынның 65 пайызы жастар екені белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: