Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған 131 қыз жүкті болып қалған
Zakon.kz
Олардың дені 16-18 жас аралығындағылар.
Ақтөбеде жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 131 бойжеткен жүкті болып қалған. Өткен жылы мұндай жасөспірімдердің саны 133 болған. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары айтып отыр, деп жазды Астана телеарнасы.
Ойнап жүріп от басқандардың 60-сы облыс орталығынан болса, қалғандары ауыл-аудандардан. Олардың дені 16-18 жас аралығындағылар.
Ал ең кішісі 15 жаста ғана. Араларында студент те, оқушы да бар. Дегенмен, көбі еш жерде оқымайтын жасөспірімдер екені анықталып отыр. Дәрігерлер соңғы кездері толыққанды отбасылардың қыздары жиі жүкті болып жатқанын айтады.
Олардың дені аз қамтылған отбасылардан шыққан. Қазір жүкті қыздардың жартысына жуығы босанып, ана атанып үлгеріпті. Екі жасөспірім жасанды түсік жасатқан.
Әлия Жанғараева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы міндетін атқарушы: 131 қыздың 67-ісі босанды. 61-і әлі жүктілік кезеңінде. Екі жасөспірімге медициналық және әлеуметтік жағдайларына байланысты жасанды түсік жасалды. Биыл зорлық-зомбылық көрсету оқиғасы тіркелген жоқ. Менің ойымша, бәрі тәрбиеге байланысты. Осы жағынан олқы түсіп жататын секілдіміз.
Фото: bnews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript