ШҚО-ға медициналық жабдықтары бар жүк ұшағы келіп қонды

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Осылайша, біз облысымыздың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарларының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеміз.

Өскемен әуежайына Қытайдан медициналық заттармен бірге 14 тонна жүк жеткізілді. Бұл - 100 мың экспресс-тест, 18 мың - қорғаныс костюмі, 80 мың - респиратор, 10 мың - медициналық қорғаныс маскасы, COVID-19-дан қорғануға арналған көзілдіріктер, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, облыстың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарларының қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекте экспресс-тесттен КВИ-мен күресте алдыңғы қатарда жүргендер тексеріледі. Бұл - медициналық қызметкерлер, құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, Елбасы үндеуіне сәйкес және ел Президентінің тапсырмасын орындау аясында біздің облыс қысқа мерзімде қытайлық әріптес компания - Синьцзяндық "Сан Бао" сауда-өнеркәсіптік корпорациясымен ынтымақтастықта қажетті медициналық құралдар мен тауарлар сатып алды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/1587706451_01.jpg

Бүгін 14 тонна жүк Өскемен әуежайына жеткізілді. Атап айтқанда, 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмдері, 80 мың респиратор, 10 мың данадан COVID-19 қарсы медициналық қорғаныс маскалары, экрандар мен көзілдіріктер.

Осылайша, біз облысымыздың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарларының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеміз.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/1587706470_02.jpg

Бұдан бөлек, "Сан Бао" компаниясы ШҚО тұрғындары үшін өз есебінен қосымша Alena-310 маркалы 2200 қорғаныш маскасын, сондай-ақ 100 мың данадан қан алу үшін бір реттік инелер мен градуирленген пипеткаларды жіберді.

Айта кетейін, медициналық тауарлар мен арнайы құралдарды сатып алу және тасымалдау "Парыз" қоғамдық қоры есебінен қаржыландырылды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/1587706558_03.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз