Гонконгтан ұшып шыққан жүк ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 18:22 pixabay.com
Ол негізі Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ болатын.

Гонконгтан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан жүк ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әуежайындағылар атап өткендей, оқыс оқиға 26 қыркүйекте орын алды.

Гонконгтан Нұр -Сұлтанға бағыт алған AST әуе компаниясының (түрік Air ACT - редактордың ескертуі) Boeing 747 жүк ұшағының командирі техникалық себепке байланысты Алматы әуежайының запастағы алаңына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21: 12-де штаттық режимде жүргізілді, деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: