ТЖ кезінде бүгін алғаш рет жолаушылар Нұр-Сұлтан мен Алматы арасына қатынай бастады
Төтенше жағдай кезінде бүгін алғаш рет Нұр-Сұлтаннан Алматыға, сол секілді кері бағытта жолаушылар әуе рейстерімен қатынай бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін алғашқы рейстегі ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға таңертеңгі 7-де ұшып шықты.
Ал Нұр-Сұлтаннан Алматыға алғашқы рейс сағат 11-де келді. Одан бөлек тағы бір SCAT компаниясына тиесілі ұшақ сағат 12-де келді.
Жалпы, бүгін Нұр-Сұлтаннан Алматыға 4 рейс қатынайды. Елордаға болса, 5 рейс жоспарланған.
Әуежайлар эпидиамологиялық жағдайда азаматтардың қауіпсіздігі үшін бірқатар шаралар қабылдады.
Еске салайық, 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстер қайта қалпына келтірілді. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей бағыттарына рейстер ашылмақ. Рейстер қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, шектеулі жолаушылар санымен және салонға арнайы отырғызу тәртібімен жүзеге асырылады.