Қазақстан халқы мамыр айындағы мерекелерде неше күн демалады

kfb.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 18:31 kfb.kz
Мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі.

Елде төтенше жағдай болғанына қарамастан жұмыс істейтін көптеген қазақстандықтар мереке күндері неше күн демалатындарын білгісі келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Электрондық үкіметтің мәліметі бойынша, 2020 жылдың мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жұма күніне тап келеді;
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, бейсенбіге келіп тұр;
9 мамыр - Жеңіс күні - сенбіде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 18:31

9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі, ол сенбіден дүйсенбіге - 11 мамырға ауыстырылды.

Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, содан кейін 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: