Жаңалықтар тізбегі
0

Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 21:32 Хабар 24
Желтоқсан айында Қазақстанда екі мереке - Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні атап өтіледі.

Желтоқсанда бес күн жұмыс істейтіндер 12 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда атап өтіледі әрі ол мемлекеттік мереке болып саналады. 2019 жылы бұл күн жексенбіге келеді, ал "ҚР-дағы мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес, мереке күндері демалыс күніне сәйкес келген жағдайда демалыс күні мерекеден кейінгі келесі күн болып табылады.

Сондықтан Тұңғыш Президент күні:

- бес күн жұмыс істейтіндер үш күн: 30 қараша, 1 және 2 желтоқсан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

- алты күндік жұмыс істейтіндер екі күн: 1 және 2 желтоқсан (жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Тәуелсіздік күнін қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда атап өтеді әрі ол ұлттық мереке болып саналады. Бұл күндер дүйсенбі және сейсенбіге келгендіктен, жұмысшылар:

- бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн: 14, 15, 16 және 17 желтоқсанда (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

- алты күн жұмыс істейтіндер үш күн: 15, 16 және 17 желтоқсанда (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) демалады.

Сонда жалпы желтоқсан айында бес күн жұмыс істейтіндер 12 күн (1, 2, 7, 8, 14, 15, 16, 17, 21, 22, 28, 29); ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн (1, 2, 8, 15, 16, 17, 22, 29) демалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: