Алматы облысы Іле ауданында 3 адамнан Covid-19 расталды

Хабар 24 Хабар 24
Алматы облысында коронавирус жұқтыру жағдайы 71 адамға жетті.

Алматы облысында коронавирус жұқтыру жағдайы 70 адамнан асып кетті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Covid-19 жұқтырудың 3 жағдайы Алматы облысының Іле ауданында тіркелді.

Бірінші науқас 1967 жылы туған, Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Екінші науқас 1991 жылы туған – Түймебай ауылының тұрғыны, үшіншісі 1959 жылы туған – Междуреченск ауылының тұрғыны.

Аталған үш науқастың коронавирус инфекциясына тапсырған сынамалары оң нәтиже көрсетті, барлығы да Қарасай аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Байланыста болған 18 адам анықталды, эпидемиялық зерттеу жүргізілуде.

Осылайша, Алматы облысында коронавирус жұқтыру жағдайы 71 адамға жетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз