Шымкентте тағы 3 адамнан коронавирус расталды

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2020 00:15 Depositphotos
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат. (20.04.2020 ж. 17:40-тағы мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған, деп хабарлайды zakon.kz.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

20.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 83 адам анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: