Руслан Жанпейісовке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Instagram Instagram
Оған жалған құжат жасады деген айып тағылды.

Өзін "полицияларды аулаушы" деп атайтын Бибарыс Раимбековке (көпшілікке блогер Руслан Жанпейісов ретінде таныс) қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Руслан Жанпейісовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 328-бабының бірінші бөлігі, яғни атап айтқанда, жалған құжат жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, Руслан төтенше жағдай мен карантин кезінде ел ішінде жалған құжатпен емін-еркін жүрген көрінеді делінеді, - деп хабарлады Instagram-да "OCA" автокөлік иелері қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан Лазута.

14 сәуірде Шымкентте Жанпейісов әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген айыппен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ӘК-нің 476-бабы (Төтенше жағдайды бұзу) және 478 (Төтенше жағдайдағы тәртіпті бұзуды тудыратын әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз