Арман Шораев қамауға алынды
Қазақстан журналистері Конгресі атқарушы комитетінің мүшесі Арман Шораев Қарағандыда ұсталып, тергеу абақтысына жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оны қамауға ҚР ҚК 274 бабының 4 бөлігі бойынша жаза көзделетін – Төтенше жағдай кезінде көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату қылмысының белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс негіз болды.
Азамат Шораев А.Т. әлеуметтік желілер арқылы шындыққа жанаспайтын көпе-көрінеу жалған ақпараты бірнеше рет таратқан, - делінеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Арман Шораев өз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзу қауіпін тудырып, төтенше жағдай кезінде заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтірген.
Шораев А.Т. Қарағанды қаласының тергеу абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық кеңестің БАҚ жөніндегі (ақпараттық саясат) экс-мүшесі.
2006 жылы – "Хабар" Агенттігі" АҚ Бас директорының орынбасары;
2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы;
2007-2014 жылдары "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ (КТК) бас директоры.