Сингапур ғалымдары Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын есептеп шығарды

Pixabay Pixabay
Шетелдік ғалымдардың пайымдауынша, Қазақстанда 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі, соның ішінде Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады. Болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды, деп хабарлайды Хабар-24.

Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді, деп хабарлайды Naked Science.

Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті. Науқастар саны 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Сингапур ғалымдары пандемия әлем бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 пайыз аяқталады деп болжап отыр. Дегенмен қандай болжам жасалса да сақтық шараларын ұстанып, індеттен абай болуға шақырады. Зерттеушілердің пікірінше, жасалған барлық есептеулерді зерттеу ретінде қабылдау керек және олар дәл келмеуі де мүмкін.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-04/thumbs/1588132714_c8b0d9c05eb0887ed0c9e6b14faabe81.png

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз