Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай қалалық ауруханасы ковидтен басқа науқастарды қабылдауды тоқтатты

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 20:51 pixabay.com
11 шілдеде Қостанай облысы коронавирус инфекциясының таралуы деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа енді.

Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде жатқызылуы тиіс науқастарды қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы атап көрсеткендей, бұған медициналық мекемеде 280 төсек-орындық, оның ішінде 20-сы жан сақтау бөліміне жатқызылатын жұқпалы ауруларға арналған стационардың ашылуы себеп болды.

27 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (оның ішінде травматологиялық пункт) және жоспар бойынша жатқызылатын науқастарды қабылдау тоқтатылды. Алғашқы көмек облыстық ауруханада көрсетіледі. Қазіргі уақытта науқастар қалалық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылуда. 28 шілдеден бастап денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық ауруханада 280 төсек-орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, оның ішінде 20-сы жансақтау бөлімі жатқызылатын стационар ашылады, - дейді Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

11 шілдеде Қостанай облысы коронавирус инфекциясының таралуы деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа енді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: