Алматыда сауда үйлері мен базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді
inform.kz
10 наурыздан бастап Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді. Осыған байланысты қалада карантин шаралары күшейтілді.
Алматыда 13-14 наурыз аралығында сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар мен сауда үйлері жабық болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
Базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері демалыс күндері жұмыс істемейді, - деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Садуақас Байбағұлов.
10 наурыздан бастап Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді. Осыған байланысты қалада карантин шаралары күшейтілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript