Нұр-Сұлтан мен Алматыда түнде блок-бекеттер алынып тасталды
ҚР ІІМ
Бұл қалаларда карантин 19 наурыздан бастап енгізілді.
1 маусымда түнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының шетіне қойылған блок-бекеттер жұмысвн тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.
16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап полиция пункттері, Қарулы Күштердің әскери қызметкерлері, Ұлттық ұлан өкілдері және әскерге шақырылушылар блок-бекеттерде тұрақты түрде кезекшілікте болды.
"Блок-бекеттердің алынуына қарамастан, қалаларда шектеулі шаралар өз күшінде болады. Алғашқы күннен бастап блок-бекеттерде полициямен қатар әскери қызметшілер, әкімдік қызметкерлері, санитарлар дәрігерлер, сондай-ақ басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қызмет етті. Жалпы, Алматы қаласында карантин кезеңінде 2 мың 200-ден астам төтенше жағдайдың бұзылу фактісі анықталды, олардың үштен бірі блок-бекетте орын алды: полиция қызметкерлері карантиндік аймақтың шекаралары арқылы рұқсатсыз өту фактілерінің алдын алды. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Блок-бекеттерге екі ауысымдық режимде жұмыс істеген 700-ге жуық полиция қызметкері тартылды. Физикалық және моральдық жүктемелерге қарамастан, олар жауынгерлерлік өз міндеттерін абыроймен атқарып, коронавирус инфекциясымен күреске айтарлықтай үлес қосты", - деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Блок бекеттер түнгі сағат 00:00-ден кейін алынып тасталды. Осы мақсатта қала шетіне манипуляторлар тартылды, тұрақты қызмет көрсету орындарындағы персонал арнайы автобустармен таратылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript