Талдықорғанда блок бекеттер алынып тасталды
Сурет: Zakon.kz
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блок бекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы облысында террористік қауіп-қатердің "қызыл" деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блок бекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралады,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Тараз қаласының аумағына қойылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің блок бекеттердегі қызметтері аяқталды.
Әскери қызметшілер күнделікті тыныс-тіршілігіне оралып, жоспарлы жауынгерлік оқуларына кіріспек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript