Алматыдағы блок бекеттер әлі алынбады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда төтенше жағдай режимі алынып тасталса да, қалаға кіреберісте орнатылған блок бекеттер жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Себебі террористік қауіптің "қызыл" деңгейі әлі де сақталып тұр.
Алматы қаласының периметрі бойынша ашылған бес стационарлық блок бекет 8 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Оларға полиция қызметкерлерімен бірге Қарулы күштердің 170-тен астам әскери қызметшісі кезекшілік етеді, сондай-ақ жауынгерлік техника орнатылды. Олар автомобильдерді іріктеп тексереді.Блок бекеттер "Гүлдала" кентінде, Думан шағынауданында, Жандосов және Карьерная көшелерінің қиылысында, Қапшағай трассасында және Райымбек даңғылында "Алтынорда" базары ауданында орнатылған.Ведомствода құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың талаптары мен өтінішін орындауды сұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript





