Жаңалықтар тізбегі
0

ЕСП төлеуді төтенше жағдайдан кейін кімдер жалғастырады?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2020 19:08 видеодан кадр
Төтенше жағдай кезеңінде ЕСП-ны алғаш рет төлеген тұлғалар өзін өзі жұмыспен қамтыған ретінде көрсеткен.

Жыр болған 42500 теңгені аламын деп, бірнеше табысын жасырып келген кәсіпкерлердің беті ашылды. Себебі, осы уақытқа дейін министрлік бірыңғай жиынтық төлемді төлеңдер деп қанша айтқанымен, оған құлақ асқандар шамалы еді. Сандарға салсақ, елімізде 300 мың адам ЕСП-ны ай сайын төлеп келген. Осы ретте, бейресми жұмыс істейтіндердің саны Төтенше жағдай кезіңде екі еселенгені бешенеден белгілі. Себебі, мемлекеттің беретін әлеуметтік төлемді алу үшін бизнесі бар екенін көрсетіп, ЕСП төлеуі шарт еді.

Ал күні кеше мемлекеттік кірістер комитеті бейресми азаматтар енді төтенше жағдай аяқталғаннан кейін төлемді жалғастыруы тиіс деді. Дәл осы ақпарат біраз адамның қытығына тиді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жылап жүріп қол жеткізген 42500 теңгенің дауы аяқталуға жақын. Десе де енді әлеуметтік төлемге қол жеткіземін деп, өзінің кәсібін заңдастырған бейресми азаматтар алдағы уақытта ЕСП төлеуге міндеттелмек. Кешелі бері түрлі пабликтерде мемлекеттік кірістер комитетінің таратқан осы ақпараты біраз жұрттың мазасын қашырды.

Олжас Отар, Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

"Әр жеке тұлға өзі алдында қызметпен өзімен қамтамасыз етсе, төлейді. Кейбір кісілер бар. репетитор, сабақ үйретеді, шахмат, өзінің жаңағы өзінің БЖТ төлеушілер болып табылады. Кез келген азамат жеке кәсіпкерліпен айналысса, тіркелу керек, болмаса БЖТ төлеу керек."


Қысқасы, төтенше жағдай кезеңінде ЕСП-ны алғаш рет төлеген тұлғалар өзін - өзі жұмыспен қамтыған ретінде көрсеткен. Сәйкесінше, елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін кәсібін жалғастырса оны төлеуі қажет. Мәселен, елімізде бұл төлемді ай сайын төлеп келген кәсіпкерлер бар. Олардың сөзінше, қорқудың жөні жоқ.

Гүлнар Сәрсенғалиева, жеке кәсіпкер:

"Мен жеке кәсіпкер ретінде ай сайын ЕСП төлеп отырмын. Жұмысшыларым да төлейді. Сол төлемнің арқасында елдегі жағдайға байланысты үкіметтің берген ақшасын алдық. Әрі қарай бұл ЕСП төлей беремін".


Атап айтқанда, Бірыңғай жиынтық төлем бейресми жұмыс істейтін азаматтар үшін 4 міндетті төлемді, бір реттік төлеммен алмастыруға мүмкіндік береді. Ол дегеніңіз, сіз төлеген 2610 теңгенің 10% - жеке табыс салығы, 20 % - әлеуметтік аударымдар, 30 % - міндетті зейнетақы жарналары, 40% - міндетті медициналық сақтандыруға түседі, дейді экономист Дәулет Төлеутайұлы.

Дәулет Төлеутайұлы, экономист:

"Бір жылдық табысы 1175 АЕК аспайтын жеке тұлғалар төлейді. Ол дегеніміз шамамен 3 млн 114 мың теңгеден аспайтын, оны 12 айға бөлетін 259 мың теңгеден аспаған адамдар жұмыстарын заңдастыра отырып, алдағы уақытта да БЖТ төлейтін болады. Ал мынау МӘМС үйде отырған аналар үш жасқа дейін төлемеуге құқылы, студенттер де төлемейді".

Сарапшылар егер де табысы тұрақсыз болып, үш айда бір рет қана нәпақасын тауып жүргендер болса ай сайын ЕСП төлейметінін айтады. Сондықтан да пабликтерде өріп жұрген түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Олжас Отар, Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

"Сіз белгілі бір табыс тауып жатырсыз. Бір айда мысалы сәуір мамыр айында табыс тапыңыз, шілде ...айында таппадыңыз, яғни мына айда төлейсіз, басқа айда төлеуге міндетті емессіз. БЖТ ерекешелігі сол, ешқандай салықтық есеп декларация тапсырмайды!"

Сондай-ақ, бейресми жұмыс істейтіндердің табысын жасырғаны анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылады. Ал егерде төтенше жағдай кезіде ЕСП байқамай төлеп қойған, болмаса дұрыс жібермеген азаматтар электрондық портал арқылы өтініш жіберіп, ақшасын қайтарып алуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: